«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 126 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 126 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемеcінің ережесінде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Заңды тұлғаның орналасқан жері - Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 10-үй, «Kazyna Towers» әкімшілік ғимараты.»;

15-тармақ мынадай мазмұндағы 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«6-2) органикалық өнімді өткізу сатысында Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

6-3) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;»;

15-тармақтың 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

«санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімнің (тауардың) сынамаларын (үлгілерін) іріктеу тәртібін әзірлеу;»;

15-тармақтың 13) тармақшасы мынадай мазмұндағы он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.